Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2462 0 пікір 11 Қазан, 2016 сағат 13:38

Алматыда теракт жасамақ болған үш азамат ұсталды

Алматы аумағында лаңкестік әрекеттер жасауды жоспарлаған радикалдық топтың үш мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«2016 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері құқық қорғау және арнаулы органдардың  қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады» делінген хабарламада. Арнайы орган қызметкерлері ұсталғандардан қолдан істелетін жарылғыш құрылғы құрауыштары және детонаторлар, теракті жасауға үндейтін діни-экстремистік материалдар тапқан. ҰҚК баспасөз қызмеіті осы жылдың басынан бері Алматы қаласында ҰҚК органдары 29 радикалды ниеттегі тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кескенін де хабарлады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155