Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3011 0 пікір 11 Қазан, 2016 сағат 09:53

ОҚО-ДА «БІЗ БІРГЕМІЗ!» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласында «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтті. Мүгедектердің тұрмыс–тіршілігін жақсарту және оларға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған шарада облыс әкімі Жансейіт Түймебаев акцияға белсене қатысып, демеушілік жасаған жомарт азаматтарға алғысын білдірді.

«Тағдыры ерекше адамдар – біздің қоғамның толыққанды мүшесі. Олардың көпшілігі талантты, білімді, іскер, өнерлі жандар. Сондықтан олардың көбісі қатардағы азаматтан артық болмаса, қабілет жағынан төмен емес. Конституцияға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттің барлық азаматтарымен теңдей құқықтары бар. Сол себептен, біз осы отандастарымызға барынша қолдау жасап, үнемі жағдайын жақсартып отыруға тиіспіз»,-деді аймақ басшысы.

Бүгінгі іс-шараға облыс прокуратурасы ерекше үлес қосып, демеушлерді ұйымдастрыуда белсенді болып, азаматтық  танытты. Ұйымдастыру шараларының бастамашысы болған Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов барша акцияға қатысушыларға алғысын білдіріп, демеушілік жасаған азаматтарға облыс прокуроры атынан Алғыс хат табыстады.

Бүгінгі таңда облыста 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрса, олардың 26,7 мыңының тірек-қимыл аппараттары бұзылған. Оның ішінде 8,5 мыңы арнайы жүріп-тұру құралдарымен (қол арбада)қозғалады, ал 16,4 мың азаматтың көру және есту қабілеттері жағынан мүгедек азаматтар.

Осы жылдың сәуір айынан бастау алған «Біз біргеміз!» акция аясында қоғамдық нысандардың 403-не пандустар салынып, дыбыс және жарық беретін 44 бағдаршам орнатылды. Ал 51 жерге арнайы жол белгілері мен көрсеткіштері қойылды. Сондай-ақ, 13 автотұрақ салынып, 1072 жеке кәсіпкерлермен 42 млн. теңгеге меморандумдар түзілді. Осы акция шеңберінде 370 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, осы күні  демеушілер тарапынан  төрт би қоларбасы Мүгедектер спорт мектебіне тапсырылса, 14 азаматқа медициналық көмек алу үшін 140 мың теңгелік  сертификаттар мен дәрі дәрмектер пакеті тапсырылды.

Аталған акция жыл соңына дейін жалғасын тауып, бұл бағыттағы жұмыстарға белсене қатысу үшін Үндеу жарияланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5691