Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2911 0 пікір 11 Қазан, 2016 сағат 09:52

Сарыағашта 13 мың тоннадан астам жүзім жиналды

Сарыағашта 13 мың тоннадан астам жүзім жиналды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында бүгінде 1891 гектар жүзім алқабы бар. Оның өнім беретін 1648  гектарынан шаруалар  биыл 13184 тонна өнім алып отыр. Биылғы орташа өнімділік гектарына 80 центнерді құраған.

Жиналған жүзімнің 4 313 тоннасы асханалық болса, 8871 тоннасы техникалық сорттар. Биыл жылдағыдан мол өнім алып отырғандығын айтқан диқандар жиналған  8871 тонна техникалық жүзім сортын аудандағы «Caspian Food» ЖШС-гі мен «Семиречье» ЖШС-нің шарап зауыттарына өткізгенін айтуда. Ал қалған өнім ішкі нарыққа және еліміздің басқа облыстары мен 500 тоннасы Ресей Федерациясына жөнелтілген.

Айта кетейік, өткен жылы 1648  га жүзім алқабынан 13 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік 79,2 цн/га болған.

Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Қазақстанда жоғарғы сұрыпты "түркістан" мақта өндіріліп жатқанын хабарлаған ек.

Мұндай жаңалық Түркістанда дәстүрлі түрде өтетін «Ақ керуен» мақта терімі шарасы кезінде айтылып, жұртшылыққа таныстырылды. Осылайша, Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығында өткен жиынға келген қатысушылар, алдымен, мақта алқаптарын аралаудан бастады.

Биология ғылымдарының докторы A.Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Әлиев сорттардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Ерекшелігі сол, бұл мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптағы мақтаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Яғни, «Түркістан» мақтасының талшығы 4-үлгіге жатады. Мақтаның бұл түрі тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Енді түркістандық кәсіпкерлер Оңтүстіктегі тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтуға толық кепілдік бере алады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5695