Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5377 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 15:15

СОНДА СІЗ БЕН БІЗ БЕ, ҰЛЫ ҚАЗАҚ?

"91" туралы сұрады...
Айтайын...
Менің балаларымдай ғана өрімдей жастар. Өз заманының сәнін қуған жасөспірімдер. Ауыздарынан ана сүті кеппеген деуге болады... Қабырғасы қатып, бұғанағы бекіп, қалыптасып келе жатқанда ТВдағы үлкен ағалары мен апалары олардың алдарына нені тосты - соны сімірді... оларды кәріс сериалдары тәрбиеледі... сол көрген "қаһармандарына" еліктеді.
Еліктеу жағынан жас тұрмақ, үлкендердің өзі алдымызға жан салмаймыз. Оларға не деп кінә артқандай-ақпыз?
Әрқайсысыңыздың дәл солардай өрімдей балғын жасыңыз бар - біріңіздің ұлыңыз, біріңіздің қызыңыз, біріңіздің іні-қарындасыңыз... Сондай жасты лайдан алып, боққа салдыңыздар, боқтан алып лайға батырдыңыздар. Қалай ауыздарыңыз барады? Қалай қиясыздар?
Сіз бен біздің жас кезімізде не сән болды? Кала-кала шалбар ма? Кидік пе? Кидік. Банан шалбар ма? Кидіңіздер ме? Кидіңіздер. Шаштарыңызды желкеге дейін жалбыратып өсіріп, "Битлз"-ге еліктетіңіздер ме? Еліктедіңіздер... Цойға ше? Оған да еліктедіңіздер... Яғни, жастыққа тән мінезі үшін, жастыққа тән қателігі үшін адамды соттауға, "өлтіруге", "азғын" деп даттауға қалай ауыздарыңыз барады?
Сыртқы киім, форма - ішкі мазмұнды сипаттай бермейді. Олардың сыртқы түрі, киімі сондай екен деп оларды "гей" деуге моральдық қақымыз бар ма? Көзімізбен көріп, қолымызбен ұстадық па? Сахналық образ деген болады... жарайды, ол басқа әңгіме...
Жоқ, ондай образдарын құптаймын демеймін. Бірақ түсінемін. Қабылдай алмаймын, бірақ "сендердің талғамдарыңды осылай қалыптастырып тәрбиелеген қазақ ТВ-сына қарғыс болсын" деймін...
"Олай киінбеңдер" деуге де қақым жоқ. Жеке шаруасы, ата-анасы да емеспін. Өз балаларымызға сөзіміз өтуі қиын қазір... Өз баламдай баламен жағаласып, оларға аузыма келгенде "оттай" берсем, менің кім болғаным?
Ал жарайды, олар "намыссыз" екен... ұлттық намыстан жұрдай екен... қазақ деген "ҰЛЫ" атқа лайық емес екен...
Сонда Сіз бен Біз бе ҰЛЫ ҚАЗАҚ?
"Ұлтын сүйген ҰЛЫ ҚАЗАҚ" болсаңыз, қайсыңыз "Алаш" тобын тыңдап қарық қып тастадыңыз? Кім дәстүрлі ән тыңдайды? 10 адам шықса - оған да рахмет... Ұлттық келбеті бар, "Мен - Қазақпын" деп менмұндалап тұрған "Алашты" немесе "Қоңырды" барлық қазақ жақсы көріп, әндері ауыздан ауызға тарап, мыңдаған көрермендері залға сыймай жатқан кезі болды ма? Дәстүрлі әнді де тыңдамайсыздар ғой...
Сіз бен Бізге ұнамайды екен деп, "91"-дің тыңдаушысы азайып кетпейді, оларды жастар тыңдайды, жақсы көреді. Ал, үйдегі жасыңызды "тыңдама" деп тыйып көріңіз...
Байғұстардың Ақтөбедегі концерттеріне "срыв" жасап...
Мықты болсақ, неге никабшыларды, хиджабшыларды, сақал қойма деп бахавиттарды тыймаймыз?.. Әрине, оларға күшіміз жетпейді... Мысалы, біздің үкімет үш жүз бәленбай грант бөліп, діни оқуды оқытуға жастарды тартып жатыр - ал ол діни оқудың не екені бір Аллаға аян... бахавистердің басында шетелдерде оқып келген "имамдар" тұрғанын ескерсек - 323 грант бөлінген бұл діни оқу да күмәнді, ұлтымызға, мемлекетімізге келген "оба".
Қысқасы...
Өнерге қадам басқан жастардың өнеріне табыс тілейік. Еліктеу-солықтауы да басылар, ақыл да тоқтатар...
Ал кәсібиліктеріне дауым жоқ. Дауыстары әдемі, таза, тұнық. Өнерлері өрлей берсін!
Ал, мені талап жеңдер...
* Бұрын бұндай топтың барын білмейтін едім, Сіздердің арқаларыңызда таныстым. Рахмет.

Сәуле Әбділаханқызы, театртанушы, журналис "Ақжүніс" журналының бас редакторы

Жазба Сәуле Әбділаханқызының facebook парақшасынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434