Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 11389 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 14:54

МУЗЫКАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

Дүние есігін ашқан бойда адам құлағы неше түрлі әуенді естиді. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі қорқынышты, ал енді бірі жан сергітерлік болады. «Әлдиден» бастау алатын әуезді музыкалар адам санасына да, физиологиялық тұлғасына да әсер етеді екен. Бұл туралы "massaget.kz" порталы жазады.

Бұл ежелгі дәуірден дәлелденіп келе жатыр. Мысалы, Көне Мысырда ұйқысыздықты хордың ән шырқауымен емдеген екен. Ал Ежелгі Қытайда музыка буын және қан тамырлары ауруына ем болған. Антикалық дәуірдің философтары музыкалық терапия туралы трактаттар жазған. Олай болса, музыканың адам ағзасына қалай әсер ететінін байқап көрейік.

Музыка күш сыйлайды

Ғалымдар адам физикалық күш жұмсағанда, бұлшықет шамадан тыс қызмет атқарған кезде музыка тыңдап жүрсе, ол оның жұмыс жасау қабілетін екі есе арттырады екен. Жаттығу залында жүргенде, жүгіргенде спортшылар құлаққаппен ән тыңдап жүреді. Бұл сол зерттеудің нәтижесінен алынған. Жігерлендіріп, рух сыйлайтын әуендер тез қозғалуға мүмкіндік береді. Әр нотаның бұлшықетке берері көп.

Музыкалық фон уақыттың өтуін баяулатады

Көпшілік жүретін жерде міндетті түрде музыка қосылып тұрады. Дүкен, әуежай, супермаркет, вокзал – барлығында. Бұл сатушының не кассирдің көңілін көтеру үшін қосылып тұрмайды. Лаунж, блюз немесе осылар секілді баяу әуендер адамның сол кеңістікте қосылып тұрған әуенмен жай жүруіне әсер етеді. Әуен осы уақыт аралығында адамның санасын тыныштандырады. Адам асығып тұрғанын да ұмытып кетуі ғажап емес.

Музыка наркоз ретінде де әсер етеді

Кей музыка ота үстелінде жатқан науқастың ауруын сездірмейтін күшке ие бола алады. Адамның жүйке жасушасын ұйықтата алатын әуендер қан айналым жүйесін де бірқалыпта ұстап тұрады.

Ырғақ пен үндестік иммунитетті нығайтады

Зерттеушілер белгілі бір ырғақ пен үндестік адам ағзасының иммунитетін көтеретінін айтады. Мәселен, қоңырау үні, тибет ыдыстарының даусы, т.б. Олар ағзадағы микробтарды, жағымсыз заттарды өлтіре алады.

Музыкотерапия жадты жаңғыртады

Жағымды әуен есте сақтау қабілетін арттырады. Мидың ақпарат сақтау қорына жауап беретін гиппокамп аталатын бөлігіне музыкотерапияның пайдасы зор. Психологтардың көпшілігі әңгіме-сұхбат барысында жай әуен қосып қоюды құптайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434