Астананың ортасында атыспен өткен төбелес адам өлімімен аяқталды
Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Астананың ортасында жұма күні түнде атыспен өткен төбелес адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы агенттікке құқық қорғау органындағы дереккөз хабарлады.
Адам өліміне соқтырған қақтығыс фактісін растаған елорданың ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрділдә Ораз «3-ші қыркүйекте түнгі 1 сағат 45 минутта Республика мен Абай даңғылдарының қиылысында (Алматы ауданы) Opelавтомашинасында отырған белгісіз тұлғалар, SubaruForesterавтокөлігінің жүргізушісімен шиеленіске барып, белгісіз жарақаттағыш қарумен Subaruжүргізушісіне 4-5 рет оқ атқанқан да, оқиға орнын жасырынып үлгерген» деді.
Ведомство өкілінің айтуынша, зардап шегуші омырауынан тиген оқтан есіне келмей жан тапсырған.
Н. Ораздың айтуынша, қазір қылмыс жасаған деген күдікпен екі азамат тұтқындалды.
«Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 96-шы бабы «адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», - деді сұхбатшы.
Полициядағылар тергеу мүддесіне сілтемелеп басқа ешнәрсе айтпады.
Сонымен қатар, ҚазТАГ-қа белгілі болғандай оқ атқандардың жасы 20-25-тен аспайды екен.