Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3730 0 пікір 4 Қазан, 2016 сағат 00:00

Қазақстан-Ресей: сауда-экономикалық байланыс арта түспек

Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің екіжақты кездесуі өтті деп хабарлайды ukimet.kz.

Кездесу барысында Елбасы РФ Президентімен ағымдағы жылы сегізінші рет кездесіп отырғанын айта келе, Мемлекеттік Думадағы сайлауда «Единая Россия» партиясының жеңісімен В. Путинге құттықтауын жеткізді.

«Менің ойымша, бұл сіз үшін, Ресей үшін және тұрақты даму үшін үлкен жеңіс. Бұл өз кезегінде қазіргі қиын кезеңде өте маңызды. Осы ретте Президенттің және сіз жүргізіп отырған саясаттың жоғары беделін көрсетіп отыр»,-деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XIII өңіраралық форумы өте маңызды екенін, оған Қазақстан мен Ресейдің 900 бизнесмені жиналғанын айтты. Елбасының сөзіне қарағанда, форумда 27 млрд. АҚШ доллары сомасындағы бірлескен 40 келісімге қол қою болжанып отыр.

Өз кезегінде РФ Президенті В. Путин екі елдің арасындағы қатыныстар стратегиялық серіктестік мәніне ие екенін атап өтті. Сонымен қатар ол объективті жағдайға байланысты белгілі бір проблемалар бар екенін де жеткізді.

«Бұл жағдайлардың объективті сипаты сауда-экономикалық айналымда біршама түзетулерге алып келеді. Біз осыған әрекет етіп, бұл құбылыстардың ықпалын барынша төмендетудің жолдарын іздеуіміз керек», — деді ол.

В. Путиннің айтуынша, Астанадағы форумға қатысып жатқан 900 бизнесменнің арасында 400-і ресейлік кәсіпкерлер екен.

Сонымен қатар Ресей Президенті кеше Орынборда кәсіпкерлермен кездескеніне тоқтала келе, олардың көбісі Қазақстанмен тікелей жұмыс істейтінін және осы жемісті қарым-қатынас өзін қуантқанын айтты. Ол көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту тақырыбында өтіп жатқан бүгінгі форум экономиканы дамыту үшін жағдай жасауда өте маңызды екенін сөз етті. Оның пайымынша, бүгінгі келіссөздер барысында жоспарға алынған жобалар алдағы уақытта өз нәтижесін беретін болады.

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевпен екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Қазақстан мен Ресейдің 2016-2017 жылдардағы өзара сауданы кеңейтуге  бағытталған шараларын талқылады.

Кездесу Астанада өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық Форумы аясында болып өтті.

Министрлер Қазақстан-ресей қарым-қатынасының тұрақтылығын және интеграциялық процестердің нығаюын атап өтті, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ,  әлеуметтік-экономикалық даму және екі елдің үкіметтерінің дағдарысқа қарсы шаралары бойынша пікір алмасты.

Бишімбаев, 2016-2017 жылдарға арналған өзара сауданы кеңейтуге бағытталған шаралар Тізбесінің жобасы  дайындалғанын хабарлады.

Бірлескен  іс-шаралар аясында  экономиканың түрлі салаларында 4 млрд. АҚШ долл. астам сомаға   27 жобаның іске асырылуы жоспарлануда.

Тараптар бизнес миссиялар, ақпараттық жүйелердің интеграциялауын және  өзара сауданың деректерін салыстыруды жүргізу жөнінде келісті, бұл сауда айналымының  ұлғаюына қосымша импульс береді және  бизнес үшін  қолайлы  жағдайлар жасайды.

Сауда айналымын кеңейту шараларының іске асырылуы Қазақстан мен Ресей арасындағы  сауда айналымын  орта мерзімді перспективада  5 тен 11% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ресей тарапы  қазақстан өңірлерін газдандыру  жобасы аясында  жабықтар мен газ жеткізуге қызығушылығын танытты.  Министрлер сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың Ресейдің импорт алмастыру  бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша министрлер талқылау барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітетін хаттамаға қол қойды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371