Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 7547 0 пікір 3 Қазан, 2016 сағат 10:46

МЕТРОДАҒЫ ЖАРНАМА. "АЙНАЛДЫР", "ЖАЛА", "МАЛЫП АЛ"...

Қазақты жарнамамен масқаралау ойыны әлі жалғасып жатыр. Мәселен, мына жарнаманы Алматы қаласының метросынан көрдім. 

"Екі миллионға жуық тұрғыны бар қалада қазақтың тілін білетін бір адам жоқ болғаны ма?" деген заңды сауал туады, осындайда. Әрине, бар. Біреу емес, миллиондар қазір қазақ тілін жетік біледі. Оларды тілін қорлап, мазақтағысы келетін астыртын топ бар секілді. 

Мұндай жарнамалар бүгінде елімізде қолданылуы қарқын алған қазақ тілін артқа тартқысы келетіндер әдейі жасайтын секілді әсер етеді. Мысалы өткенде ғана бүкіл баспасөз төмендегі "шабаттан" деген жарнаманы сынап, шу көтерген болатын.

Ендігі тосынсыйы "айналдыр", "жала", "малып ал" болды. 

Ең қызығы осы екі жарнама да Алматы қаласындағы метроға ілініпті. Неге?

Біріншіден, осындай қазақ тілін қорлап, жарнама жасаушыларды сотқа беру керек.

Екіншіден, осы жарнаманы ілуге рұқсат беріп, табыс тауып отырған метро басшылығы да жауапқа тартылуы керек.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371