Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4108 0 пікір 2 Қазан, 2016 сағат 14:36

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ: ЗАҢЫ ҮСТЕМ ҚОҒАМНЫҢ, МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

«Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды Айқын-ақпарат.

Қоғамдық қабылдауға келген Светлана Тұрғанбаева халық қалаулысынан мүгедек баласының мемлекеттен алған баспанасын заң­дастыруға көмектесуді, Жексенбай Нұр­манов саяжайдағы жер теліміне қатысты м­әселені шешіп беруді, Ләззат Хумер II топ­та­ғы мүгедек сіңлісін күтіп отырғанына бай­­­данысты мемлекеттен жәрдемақы алуды және баспанаға қол жеткізуге ықпал етуді сұ­ра­ды. Ал зейнеткер Айнабибі Аязбаева әлеу­­меттік-материалдық көмекке мұқтаж еке­нін алға тартса, Дүйсенбек Шамай 1 бөл­мелі пәтерін 3 бөлмелі пәтерге ауыстырып беру­ді өтінді.

Тілшілермен тілдескен кезде С. Тұр­ған­баева: «Мемлекет балама мүгедектігіне байланысты үй берді. Алайда үй оның атына түскен жоқ, яғни, балам меншік иесі болып саналмайды. Біз партияның қоғамдық қабылдауына осы мәселені шешіп береді деген үмітпен келіп отырмыз» десе, 
Ж. Нұр­манов: «Мен саяжайдағы жер телімін заң­дастырып беруді сұраймын. Бұл жерді сатып алғанмын, қолымда барлық құжаттары бар. Қаланың ішінен үй сатып алуға жағ­дайым келмейді, құзырлы мекемелер осыны назарға алса екен деймін» деді. Ал Л.Хумер: «Сіңлімнің  денсаулығына бай­ланысты үнемі қасында отырамын, жұмыс істемеймін,  мүгедектікке байланысты сіңліме берілетін жәр­демақы өмір сүруге жетпейді. Маған күту­ші ретінде мемлекеттен жәрдемақы бе­рілуі тиіс дегенді естідім. Қоғамдық қабыл­даудан осының мән-жайын білейін, мүмкін болса депутаттың көмегімен мәселемді шешейін деп келдім. Қоғамдық қабылдау арқылы биліктен баспана сұрауды да жөн көр­дім. Себебі біздің ең басты қажетті­лі­гі­міз­дің бірі  – баспана» деді.

Б.Ізмұхамбетов қоғамдық қабылдауға кел­ген азаматтарға барлық мәселе заң ая­сында шешілетінін, партия да, мемлекеттік ме­кемелер де ешкімге «қоныштан басып» кө­мек көрсете алмайтынын түсіндірді. Ол қо­ғамдық қабылдауға келген адамдардың өті­ніштері тиісті органдарға жөнелтілетінін жә­не нақты шешім қабылданғанша пар­тияның бақылауында болатынын жеткізді.

Халық қалаулысының сөзінше, Прези­денттің пәрменіне сай, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы жұмыстар үздіксіз жалғаса береді. Ал ел аза­мат­тарына қиын болып көрінгенімен ат­қарушы биліктің қауқары келетін мәселелер дер кезінде, ушықпай тұрғанда  шешіледі. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371