Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3560 0 пікір 1 Қазан, 2016 сағат 21:13

ОҚО әкімі ардагер Нина Лычагинаның отбасында болды

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, облыс әкімі Б.Атамқұлов тыл ардагері Нина Лычагинаның отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Бұл туралы «Abai.kz» порталы ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ардагер апамызға жылы лебізін білдірген өңір басшысы ісi ізеттілік пен үлгiлі өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбектерi ұрпақ санасында мәңгіге сақталатынын айтты. 

Нина Лычагина 1927 жылы Воронеж облысы, Грибанов ауданында туылған. Оқуды бітірген соң 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына жолдама алып, мұнда 1946-1960 зоотехник мамандығымен жұмыс істеген. Ал 1974-1986 жылдар ішінде облыстық меминспекциясында ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

Қария осы жылдардағы ерен еңбегінің арқасында «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Бүгінде немересінің отбасында тұрады.

Кездесу барысында облыс әкімі еліміз егемендік алған жылдары бағындырған биіктеріміз бен жеткен жетiстiктерiміз Сіздердің лайықты еңбектеріңізбен пайымды парасаттарыңыздың арқасы екенін айтып, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қарт кісіге алғысын білдірді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5368