Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 7278 1 пікір 1 Қазан, 2016 сағат 14:38

"ҚАЗАГРО" ҚАРЖЫ БӨЛЕДІ

 

Бұл қаражат ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы және т.б. үй жануарлары мен үй құстарын, сондай-ақ, жем-шөп сатып алуға бөлінбек.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жеке шаруа қожалықтары негізінде 55 мың бас малы бар 7 мың шағын мал бордақылау алаңдарына арнап 10, 9 млрд теңге бөлмек.

«Осылайша, жеке мал бордақылау шаруашылығы жеке кәсіпкерлікке айналып, ай сайынғы айлық табыспен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, тұрақты жұмыс орындары құрылады, бағдарлама жергілікті бюджет есебіне жыл сайын салық төлеп отыруды қамтамасыз ететін болады», – делінген еншілес «КазАгро» ұйымының баспасөз хабарламасында.

Осы тапсырманы орындауға арналған қаражат ««Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген. Сондай-ақ, «Береке» несие беру бағдарламасы бар. Жыл басында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры аталған бағдарлама бойынша 3,7 мың несие алушыны 9,2 млрд теңгемен қаржыландырған. Қаржыландырудың дені мал шаруашылығын дамытуға жұмсалмақ.

Ақша ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы және т.б. үй жануарлары мен үй құстарын, сондай-ақ жем-шөп сатып алуға бөлінеді екен. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 3 млн теңге. Бұрынғы несиесін алдын ала төлеген қатысушыларға – 5 млн теңге. Қайтару мерзімі – 4 жылға дейін. 500 мың теңгеге дейінгі несиенің пайыздық сыйақы мөлшерлемесі – жылына 4,8%, 500 мың теңгеден жоғары болған жағдайда – жылына 6%.  Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, жылына 5%-дан 6,7%-ға дейін.

Аbai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371