Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3804 1 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 14:39

Қытай компаниясы Түркістанда шұбат пен қымыздың ұнтақты қоспасын өндіреді

Түркістанда шұбат пен қымыздың ұнтақты қоспасы өндірісін, сондай-ақ тамшылатып суару үшін жабдық дайындау бойынша ОҚО-да зауыт салу жобасын іске асыру барысын Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев пен «Golden Camel» ЖШС бас директоры Ян Цзе талқылады. Бұл туралы Бейжіңде «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлады.

Қытай бизнесмені Түркістан қаласында таяу уақытта күнделікті өнімділігі 100 тоннаға дейін қымыз бен шұбат қайта өңдейтін зауыт салу басталатынын атап өтті. Аталмыш зауыттың өнімін ҚХР-ға, Еуропа Одағы және Таяу Шығыс елдеріне  экспорттау жоспарлануда.

Бұдан басқа, Ян Цзе ОҚО аумағында қазіргі уақытта тамшылатып суару үшін жабдық өндіру бойынша зауыт салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгенін хабарлады.  

Ш. Нұрышев кәсіпорын басшысын еліміздегі инвестициялық климатпен, Қазақстанда іске асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы және ҚР мен ҚХР арасындағы индустрияландыру және инвестиция бағдарламаларының негізгі ережелерімен таныстырды.

«Golden Camel» компаниясы - ҚХР-дың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясының су үнемдейтін суландыру жүйесін өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру бойынша көшбасшысы - «China Daqing Gold Land of Water-saving Engineering Co.Ltd» компаниясының  еншілес компаниясы болып табылады.

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321