«Еңбек күні» мерекесінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Жақында теріскейліктер «Еңбек күні» мерекесін атап өтті. Шара аясында аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Он екі ауыл округінің шаруалары өздері шығарған өнімдерді аудан халқына тиімді бағада ұсынды.
Аудан әкімі М. Исаев барша еңбек адамдарын атаулы күнмен құттықтап, бірқаттар озат жандарға алғыс хат тапсырды. Қызылкөл елді мекеніндегі «Қайрат» балабақшасының басшысы, еңбек озаты Н. Төлеуова барша аудан халқын құттықтап, талмай еңбек етуге шақырды. Мерекеге орай безендірілген орталық алаңда аудандық мәдениет үйі қызметкерлері қойған концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген.
Индустриялды аймақтағы зауыттарды аралады
Аудан әкімі М. Исаев, аудан орталығындағы индустриялды аймақтағы жұмыс істеп жатқан бірнеше зауыттың жұмысын аралады. Шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғарландырылған индустриялды аймақта бүгінде 4 зауыт жұмыс істеп жатыр. «UKO-S Star» ЖШС-ның «Уран өндіруші кәсіпорындарға арнап металл бөшкелер шығару зауыты», «Благо Лизинг НПЗ» ЖШС-нің «Уран өндіруші кәсіпорындарға арналған құрал жабдықтар шығару зауыты», «Дархан-Ас» ӨК-нің«Иодталған ас тұзын шығаратын зауыты «Сырлы Созақ» ЖШС-нің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэилен құбырын шығару» жобасы. Аталған зауыт жұмысын көзбен көрген аудан басшысы, қарқынды істеп жатқан зауыт жұмысына ризашылығын білдірді. Атап өту керек, индустриялды аймақта жұмысын істеуге тағы бірнеше зауыт жобаларын ұсынып отыр.
Abai.kz