Оңтүстік Қазақстан облысында пальмалар мен лимондарды өсіре бастады
Енді Оңтүстік Қазақстанда пальмалар мен лимондар өсірілуде.Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында экзотикалық өсімдіктер өсірілетін жылыжайлар пайда болды. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Экспериментті «Ниматолла» шаруа қожалығында өткізуде. Оның агрономы Хасанбай Ашуров көшеттердің көнбіс, пальмалар Оңтүстік Қазақстан климатының ашық жерінде өсуге бейімді екенін айтуда.
Пальмаларды сату үшін өсіруде, кішкентай көшеттерді 50 долларға сатып алуға болады, бірақ бір жылдан кейін бұл ағаштың құны 500, одан кейін 1000 АҚШ долларына дейін өсіп кетеді. Бір бұтасынан шамамен 30 жеміс түседі. Шаруашылықта барлығы 5 жылыжай бар, онда лимонның мың жарым көшеті мен екі мыңға жуық пальма егілді. Шаруа қожалығында олардың тауары сұранысқа ие болатынына сенімді. 400-ден астам пальма сатылып үлгерді. Бұдан басқа, шаруа қожалығында арша, қарағай, бозарша өсірілуде.
Айта кетейік, облыста атқарылып жатқан шаруалардың дені Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Өңірдің аграрлық салаларындағы оңды өзгерістер мен тың жобалардың жүзеге асырылу бағыты еліміздің аграрлық секторындағы ең басым көрсеткіштерге ие екені анық.
Abai.kz