Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4311 0 пікір 23 Қыркүйек, 2016 сағат 18:12

«ОЙ-САНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен              «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан  Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында  орыс тілі білгірлерінің VIII республикалық «Ой-сана» байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін оқуға деген құлшынысын арттыру, риторикалық дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру, орыс тілін еркін меңгерген дарынды жастарды насихаттау және оларға қолдау көрсету.

Байқауға облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған, 18-22 жас аралығындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы білім беру мекемелерінде, орта және орта арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде білім алатын жастар қатысты.

Байқаудың үш шарты (эссе жазу, жаңылтпаш оқу және диалог құрастыру, өз өнерін көрсету ) бойынша сайысқа түскен қатысушылар білімі мен білігін осы негізгі кезеңдерде танытып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

 Шығыс Қазақстан облысынан келген қатысушымыз Каирдинова Аида Қайролдақызы өзінің орыс тілін жетік меңгергендігін байқау барысында танытып, орыс тілінің білгірі атанып, бас жүлдені (150 000 теңге) қанжығасына байлады.

Қостанайлық Демесінов Нұржан Алматұлы жүлделі 1-орынды  (120 000 теңге), Астана қаласынан қатысқан Жұмағалиева Мадина Маратқызы жүлделі 2-орынды (100 000 теңге), Солтүстік Қазақстан облысынан келген Қапбасова Дана Болатқызы жүлделі 3-орынды (70 000 теңге) иеленді.

Ынталандыру сы йлығы (35 000 теңге) 4 қатысушыға берілді. Асанбаева Елдана Бақытқызы (Павлодар облысы), Нұрмұхамбетов Арман Нұрланұлы (Ақмола облысы), Сенкибаева Мәдина Қайратқызы (Қарағанды облысы), Елшібекова Гүлнұр Амантайқызына (Ақтөбе облысы) ынталандыру сыйлығы бұйырды.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391