Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2235 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 15:27

«Максимум» қаржыландырған жоба саны – 11 307

   

 

Ағымдағы жылдың желтоқсан айындағы мәлімет бойынша, Оңтүстік Қазақстанда «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы алты жылда ауыл шаруашылығы саласында жалпы сомасы 31,6 млрд. теңге болатын 11 307 жоба қаржыландырыпты. Бұл жайында  «Ырыс» шағын несие ұйымы» ЖШС директоры Е.Қансейітов мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.  Соның ішінде биылғы жылдың 6 айында 4,1 млрд. теңге құрайтын 1239 жоба қаржыландырылған. Екі ұйымның несие қоржыны 16,2 млрд. теңгеге жетті.   Сондай-ақ, осы алты жыл  ішінде 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылыпты. Оның ішінде 15 мың тұрақты жұмыс орындары болса, 16 мыңнан астамы уақытша жұмыс орындары. Аталған жобалардың 90 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асуда. 2012 жылдан бері жүйелі түрде «Жұмыспен қамту 2020», моноқалалар бағдарламасы арқылы жалпы сомасы 5 млрд. теңге қаражат тартылған. Соның ішінде, 2015 жылдың 6 айында «Ырыс» МҚҰ-на ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 700 млн. теңге көлемінде несие тартылды. Оның 200 млн. теңгесі ауылдық бизнесті дамытуға, 500 млн. теңгесі мақта өндірушілерге берілді.   "2014-2016 жылдары мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы аясында 4,0 млрд. теңгені құрайтын 1333 шағын бордақылау алаңдары мен шағын сүт-тауарлы фермаларын ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері 1450,9 млн. теңге көлемінде 626 шағын бордақылау алаңы мен 108,8 млн. теңгеге 48 шағын сүт-тауарлы фермалары қаржыландырылған.

 

Абай-ақпарат  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543