Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Қоғам 3998 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 13:42

Сайрам ауданының әкімі С.Сапарбаев халықпен кездесу сапарын бастады

«Ашық әкімдік» жобасы аясында атқарушы органдар жұмысының аштықтығын, жариялығын қамтамасыз ету, халықтың талап-тілегін тыңдау, атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіру мақсатында Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев халықпен кездесу сапарын бастады. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Әкімнің алғашқы сапарын Қарамұрт ауылдық округінен бастады. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік жағдайлар айтылып, тазалық мәселесі басты назарға қойылды. Яғни, әрбір тұрғын аула тазалығы мен көше тазалығын сақтауға шақыруды тапсырды, ал жиынға қатысушылар айтылған мәселелерді қолдады. Аудан әкімі Самат Айдарханұлы Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен арнайы кездесуінде әлеуметтік жағдайлардыталқылады. Аудан әкімі көше бойлары мен ашық дала жерлерінің тазалығын тұрақты сақтау үшін халық арасында үгіт-насихат жүргізулерін және көше комитеттерінің жұмысын жандандыру керектігін тілге тиек етті. Ал, жиынға қатысушы тұрғындар өз өтініштері мен тілектерін білдіріп, айтылғын ұсыныстарға қолдау көрсетті.

Ал Қарасу және Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде ұлтаралық татулықты нығайту мен сақтау, діни тұрақтылық, отау құрған жас отбасыларының ажырасу жағдайына ұшырауы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, зорлық-зомбылықты алдын алу, құқық бұзушылық және өзіне –өзі қол жұмсау іс- әрекеттерін болдырмау, мектеп ұстаздары мен оқушыларының тәрбиесі мен біліміне үлкен көңіл аудару мәселелері талқыланып, ауыл тұрғындары атынан ұсыныстар айтылды. Жиын соңын ауыл ақсақалдары қорытындылап, бүгінгі таңда ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға алғыстарын білдіріп, өз тараптарынан ақ баталарын беріп, қолдау көрсететіндерін жеткізді. Осындай кездесулер сондай-ақ, Қарасу және Қайнарбұлақ ауылдық округтерінде де өтті.

Абай ақпарат

0 пікір