Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 3147 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 13:36

Бас маманға конкурс жарияланды

Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің сапасын артыру  Оңтүстікте бастау алған "Ашық әкімдік" жобасының басты мақсаты болып табылады. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Жобаға сәйкес облыс, аудан әкімдіктерінде өткен есеп беру жиындарынан қарапайым халық хабардар болуы керек. Сондай-ақ тұрғындарға енді бұрынғыдай арыз-шағымын айту үшін басшылардың алдына барудың қажеті жоқ. Тек "Ашық әкімдіктің" әлеуметтәік желілердегі парақшалары, бірыңғай байланыс орталығы арқылы ұсыныстарын жеткізе алады. Сондай-ақ енді бос орындарға жарияланған конкурстар туралы да ашық түрде әкімдіктің ресми сайтынан, әлеуметтік желілерден табуға болады. Жаңа қызметтің аясында ОҚО әкімдігінің ресми сайты келесідей конкурсты жариялап отыр.

Облыс әкімі аппараты кәсіпкерлік және туризм салаларының даму мониторингі  бөлімінің бас маманына конкурс жариялайды. Бекітілген біліктілік талаптары бойынша  қатысушы жоғары білімді, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, халықаралық қатынастар, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, туризм, мәдени-тынығу жұмысы,  ветеринариядан білімі болуы шарт. Бас маманның функционалдық міндеттері: кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, туризм салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметті қамтамасыз ету. Көрсетілген салаларға мониторингін қамтамасыз ету және тиісті материалдар дайындау. Бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.  Тілтабысқыштық,  дербес  компьютерде жұмыс істей білу.

Ендеше, осы көрсетілген талаптарға сай біліміңіз, қасиетіңіз болса конкурсқа қатысып көріңіз!

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625