Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Билік 5080 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 19:19

Айгүл Соловьева: Қоғамдық кеңестер биліктің төртінші деңгейі

Астанада «SarapTime» клубының кезекті отырысы өтіп, оған саясаттанушылар, жергілікті билік өкілдері, сарапшылар қатысып, қоғамдық кеңестердің  мемлекеттік билік жүйесіндегі ролі мен орнын талқылады.

Жиынға қатысқан Мәжілістің IV-V шақырылым депутаты болған Айгүл Соловьева қоғамдық кеңеске қатысты заңда жетілмеген тұстар бар.

«Заңда қоғамдық кеңес қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық талқылауларды өткізуге бағытталғаны туралы айтылады. Бірақ онда сараптамалық нормативтік-құқықтық актілер жасалуы керектігі айтылады. Сараптау бұл кәсіби қызмет. Ол қоғамдық кеңеске жатуы мүмкін емес. Бұл олардың жауапкершілігіндегі нәрсе емес» деді Айгүл Соловьева.

Сондай-ақ, Айгүл Соловьева жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы бойынша жергілікті мәселелерді сайланбалы мәслихаттар арқылы жұртпен қарым-қатынас жасап шешуге болады. Ал, қоғамдық кеңес құру дегеніңіз, биліктің төртінші тармағын қалыптастыру деген сөз екенін де атап өтті.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 747
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2045
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 517
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 490