Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Міне, әңгіме! 3601 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 10:58

ЖЕЛТОҚСАНҒА СЕРТ...


Осы ай келді деген сөз - биліктегілерден ес кетеді...

Осы ай келді деген сөз - студенттер Алматыдан /қалалардан/ аластатылады...

Осы ай келді деген сөз - шыршамен күресеміз...

Осы ай келді деген сөз - тәуелсіздік пен жаңа жылдың айқасы басталады.

Осы ай келді деген сөз - 1986 жылғы Желтоқсан еске түседі. 

Осы ай келді деген сөз - кеудеге шемен боп қатқан Жаңаөзен кегі санамызда дөңбекшиді...

Осы ай келді деген сөз... Әр қазақ баласы бір серт сөзге ұйысса деп тілеймін...

"Алты алаштың ертеңі үшін қазаққа қарсы атылған оққа өңменімді тосамын. Қазақ ұлтының азаттығы үшін қасық қаным қалғанша еңбек етемін... Менің басым Хан Кененің басынан, менің жаным Желтоқсаншылар мен Жаңаөзендіктерден ардақты емес. Сол үшін де Желтоқсанға серт! Ел де, жер де, мемлекет те - қазақтікі..."

Қанат Әбілқайыр

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2091
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4962
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4180