Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 3477 0 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 14:16

Қаржының игерілуі қатаң бақылауда болды

«Ашық әкімдік» жобасының негізгі міндеттерінің бірі – билік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға халықтық бақылау жасау. Яғни, тұрғындар жоғары лауазым иелерінің әрбір атқарған жұмысын бақылауға ала алады. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Халық тіпті облыс әкіміне дейін ұсыныстарын жеткізе алады. Осы арқылы Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы аясын тұрғындарға ақпараттық билік беріліп, жағдай жасалуда. Оңтүстікте Елбасы тапсырмасымен демократиялық қоғам зор қарқынмен дамуда. 

Мысалы, «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Түркістан қаласы «Яссы» шағынауданында салынған балабақша құрылысының сапасымен танысқан комиссия мүшелері қаржының игерілуі қатаң бақылауда болғанын айтты. Топ мүшелері құрылысына 395,8 млн. теңге қаралған, 280 орындық екі қабатты нысанды аралап, тындырылған тірлікке оң бағасын берген болатын. Бұл туралы «Ашық әкімдік» жобасы аясында жұмыс істеп тұрған Ontustik_derek инстаграм парақшасында жарияланды.  

Нысанға өткен жылы 250 млн. теңге қаралған. Мердігер «Бек» ЖШС бекітілген кесте аясында жұмыс жасаған. – Мұнда қолданылған материалдардың 90 пайызы отандық өнімдер, оның 40 пайызы Түркістан қаласында жасалған дүниелер деген «Бек» ЖШС-ның учаске басшысы Мұрат Орынбетов құрылысты биылғы маусымда аяқтайтынын және атқарылған жұмыс жайын жан-жақты баяндап берді.

«Нұр Отан» партиясының негізгі жұмыс бағыты Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мен бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуына мониторинг жасау болып табылады. Жалпы «Нұр Жол» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында 24 нысанның құрылысына 7439,9 млн.теңге қаржы бөлініп, оның 11-інде құрылыс жұмыстары аяқталған. 7409,6 млн.теңге немесе қаралған қаражаттың 99,6%-ы игерілген. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529