Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Қоғам 3533 0 пікір 5 Желтоқсан, 2016 сағат 12:19

Жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстікте орналасқан

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім 11,5 есеге өсіп, 220 миллиард теңгеден асқан. Соңғы жылдары өңірде жылыжайлардың көлемі 9 есеге артып, 1,1 мың гектардан асты. Тамшылатып суару әдісі енгізілген алқаптардың жалпы көлемі 50 400 гектарға жетті.

Республика бойынша Оңтүстік Қазақстанда мақтаның 100 пайызы, бақша өнімдерінің 66 пайызы, жүзімнің 65 пайызы, мақсарының 40 пайызы, жеміс-жидектің 31 пайызы, көкөністің 24 пайызы өндіріледі. Бұлардан бөлек ОҚО-да республикадағы жылыжай өндірісінің 87 пайызы, тамшылатып суару әдісі енгізілген алқаптың 73 пайызы орналасқан.

1991 жылмен салыстырғанда облыста көкөніс өндіру 5 есеге, бақша өнімдері 10 есеге, картоп 5 есеге артқан. 25 жылда өңірде астықтың түсімділігі 17,8 центнерден 22 центнерге, яғни рекордтық көрсеткішке жеткен. 2016 жылы облыс диқандары 470 мың тонна астық жинады.

Айта кетейік, өңірімізде жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасы бойынша мемлекеттік органдар өздерінің атқарған жұмыстары туралы мәліметтерді ашық ақпарат көздерінде жариялап отыруы тиіс. Мемлекеттік қызметке қатысты кез-келген ақпаратты иелену қолжетімді болуы керек. Жергілікті атқарушы органдарға өңірдің дамуына қатысты ақпараттарды ашық дереккөздерінде жариялап отыру міндеттелген.

Abai.kz

0 пікір