Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3308 0 пікір 2 Желтоқсан, 2016 сағат 14:20

«Аботя» ЖШС 40 мың тонна бау-бақша өнімін алды

Жалпы еліміздің оңтүстік аудандарынан негізінен экспортқа картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылады. Еліміздің күнгейіндегі алдыңғы қатарлы аудан Қазығұрт бау-бақшаға бай өлке. Ал қазығұрттық шаруалар баптаған балғын жүзімдер қазіргі таңда Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана және Ақтөбедегі Сауда орындарында сатылуда.

Бірнеше жылдан бері тамшылатып суғару әдісі арқылы өсіріліп жатқан 7-8 түрлі жүзімнен жыл соңына дейін 2 мың тонна өнім алынып, өткен жылмен салыстырғанда 20-30 пайызға көп жүзім алынды. Жақсы өнім алу үшін ерте көктемнен бастап ала жаздай еңбектенді, алғашқы өнімді жаздың ортасында ала бастаған бағбандар өнімдерін елліміздің өзге өңірлеріне және көрші мемлекеттерге жөнелтіп отырды. Қазығұрт ауданындағы үздің шаруашылықтардың бірі Ералиев елді мекеніндегі бау шаруашылығымен айналысатын «Аботя» ЖШС. Мұнда 12 гектар жерге жүзімнің үш түрі, ал 8 гектарға алманың екі түрі егілген. Шаруа баудан 35-40 тонна өнім жинауды жоспарлаған болатын, жыл соңында олар өздері қойған межеге жетті.

Египеттіктер жүзім өсіруді б.з.д 4000 жыл бұрын бастаған екен, жүзім бағы олардан финдіктерге жеткізіліп, кейіннен римдіктерге тараған. Ғылыми деректерде римдіктердің өз заманында жүзімнің 100-ге жуық түрін өсіргендіктері туралы да аз айтылмайды. Қазіргі таңда жүзім ең көп өсірілетін аймақ – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Ал біздің елімізде жүзімнің ондаған түрлері Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. Жергілікті жүзімнің денсаулыққа пайдасы зор дейді мамандар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377