Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Мәйекті 3277 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 09:01

ЗУҚА БАТЫРДЫҢ ҰЛЫ САУАТ ҚАЖЫНЫҢ ЖАНАЗАСЫ ӨТТІ

2016 жылы, 26 қараша күні өмірден озған Зуқа батырдың кенже ұлы 90 жастағы Сауат Шетін  қажының Гүнешлі Қазақкенттегі Алтай мешітінде оқылған жаназа намазына көптеген адам қатысты.
Жаназаға Зуқа батырдың Германия, Франция, Австрия және Қазақстан секілді елдерде тұратын ұрпақтары қатысып, ақсақалды ақтық сапарға шығарып салды. Олардың арасында Еуропа қазақтары қоғамдары федерациясының бұрынғы төрағасы Әбдірахман Шетін, Алматыда тұратын қаражорға биін Қазақстанға танытқан Арслан Тосын және Мюнхен қаласының тұрғыны Азаттық радиосының бұрынғы қызметкері белгілі журналист Талғат Қосжігіт те болды.
Қазақстанның Ыстамбұлдағы Консулы Ғалымжан Ерімбетов мырза мен Ыстамбұлдағы қазақ мәдени орталықтары мен қоғамдарының төрағалары және өкілдері қатысқан жаназа намазынан соң марқұм Гүнешлі ауданындағы отбасылық бейітке жерленді. Екінді намазынан кейін Казаккенттегі Алтай мешітіндегі залда марқұмның әруағына Құран оқылып, ас берілді.
Әбдіуақап Қара, Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы
Абай-ақпарат

 

0 пікір