Сенбі, 23 Қараша 2024
Рух 4582 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 08:48

СЕНІҢ "ШYКІРІҢЕ" ТYКІРГЕНІМ БАР...

Алла адамды топырақтан жаратып, демімен жан берді. Рух.

Тән – жерге, жан – Жаратқанның өзіне тиеселі.

Демек, адам жаны – Тәңір текті. Ол – мына 18 мың ғаламның егесі.

Ал сіз оған айтса көніп, айдаса жүр... Патша – Алланың көлеңкесі, жат десе – жат, тұр десе – тұр; осы тіршілігіңе тәубе қыл дейсіз.

Балшық адам – бәріне бейіл. Илеуге де, жүндеуге де көнеді. Ал Рух – басқа әңгіме!..

Сондықтан, сенің ондай шүкіріңе түкіргенім бар!.. Ренжіме.

Жоғарыда айттық – тән жерге, жан Жаратқанның өзіне қайтады. Қалай? Қайтіп?..

Ендеше, тыңдаңыз!..

Топырақтан жаралған тән топыраққа айналады, оны өзіңіз де жақсы білесіз. Ал жаныңыз, яғни, рухыңыз өз сипатына сай сынақтардан өтіп, тазарған соң, мәңгілік мекеніне барады. Жұмаққа.

Жұмақ – мәңгілік энергия мекені. Өмір энергиясының...

Ал Тозақ – сынақ алаңы. Басқасы да!..

Әлгінде тоқталдық, тағы қайталайық: адам рухы – Тәңір текті. Асқақ, таза, қуатты. Жақсылыққа жақын, әділдікке ынтық, ізгілікке құмар. Оның міндеті – құл болу емес, Күн болу. Парызы – Өзіне жету.

Тұрмағанбет Кенжебаев, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394