ЖАЛҒЫЗ ЖYРІП ЖОЛ ТАП...
...Бағдаршам жасыл жанбай тұрып бір асығыс адам жолдың арғы бетіне өтуге ұмтылады. Жанында тағы бір адам. Ол да асығыс. Ана оңбағанның артынан бұл да ере жөнеледі. Сөйтіп не керек үшіншісі қосылады. Бір уақытта бағдаршам қызылды көрсетіп тұрса да сен қалай алға қадам басқаныңды аңғармай да қаласың. Тежегішіңді басасың. Сондағы 10 секундқа шыдамаған бір топ ережені бұзып өтіп кетті. "Осы адамдар неге бұлай жасайды, бар-жоғы 10-15 секундқа бола?"- деп, мен жүріп келемін.
Әлеуметтік желіде де сондай. Бір оқиға бола қалса өзіндік дара пікірін, көзқарасын өлтіріп алған, топтың ықпалымен, топтың инерциясымен келеді. Даралық жоқ. Барлығы емес әрине 9/10 сондай. Бұл абстракт емес.
Жеке мықты адамнан қарағанда "топ" қауіптірек болып келеді. Сіздің иммунитетіңіз төмен болса, сізді топ, тобыр психологиясының қармағына іліндім деп ойлай беріңіз. Адам топқа түссе жеке индивидуалдық функциясы төмендеп, даралық жоғалады. Айналып келгенде "Мен" деген адам топта "БІЗ" деп әрекет жасайды. Жауапкершілік ешқашан делегирленбейді.Топта абай болыңыз...
Дербес шешім қабылдай біліңіз. Индивидттік көзқарас таныта біліңіз. Айналып келгенде өзіңізді сыйлай, паймыңызды құрметтей біліңіз. Мейлі көбісі "Абай жолын" оқымаса да, тілге өте ауыр дейді. ал сіз елемеңіз, өзіңіз тексеріп көріңіз. Мейлі 99 адам ақ затты "көк" десе де, сіздің есіңіз дұрыс болса "ақ" деңіз. Себебі ол шынымен ақ. Таяқтың екі ұшы бар. Тігінен қарасаң бір-ақ ұшы көрінеді. Ал сіз екінші ұшын көріңіз...
Нұрсұлтан Қасеке
Abai.kz