Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 3342 0 пікір 27 Қараша, 2016 сағат 11:51

448 миллион теңге салық төлеген

Халқы тығыз қоныстанған, тұрғындарының саны жағынан кішігірім облыстармен теңесетін Мақтарал ауданында ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. Ауданда 2016 жылдың 1 қазанына дейін тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 25 467-ге жетті, оларда 35 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Шағын және орта бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 43 286,2 млн. теңгені құрап, жергілікті бюджетке 448,8 млн. теңге салық төленген. Ал, индустрияландыру картасы аясында 2016 жылы жалпы құны 285,0 млн. теңге болатын 2 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, 2016 жылдың 9 айында негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 4917,8 млн. теңге болған.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 43 983,6 млн. теңге болып, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 266,8 млн. теңгеге артқан. Төрт түлік мал басы артып, жыл басынан бері 10499,7 тонна ет, 70213,1 тонна сүт, 10792,0 мың дана жұмыртқа, 350,9 тонна жүн өндірілген.

Айта кетейік, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-қадамында көрсетілген, яғни халыққа есеп беріп отыратын «Ашық үкімет» құру тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасына сәйкес жергілікті әкімдіктер өздерінің атқарған жұмыстарын, оның ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсімі, бюджет қаражаты туралы мәліметтерді ашық ақпарат көздерінде жариялап отыруға міндетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387