Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 3652 0 пікір 27 Қараша, 2016 сағат 11:45

Ауыл көшелеріне ажар кірді

Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге септігін тигізіп отырған жобалардың бірі  - "Ашық әкімдік" қызметін шалғайдағы ауыл тұрғындары да пайланауда. Түркістан маңайындағы ауыл-аймақтардың тұрғындары бұған дейін басшыларға жоба шеңберінде жарық бағаналарын орнатып, көшелерді асфальттауды сұранған болатын.  

Көптен бері шешілмей келе жатқан мәселені енді азаматтар жоба аясында жеткізуді ұйғарған. Көп тілеу қабыл болып, тұрғындардың өтініші бойынша мамандар  нақты істерді атқарды. Атап айтқанда рухани астана маңындағы  елдімекендердің көшелері асфальтталып, жарық бағаналары орнатылды. Аулаларды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да қарқынды.

Мәселен Ораңғайда орталық төрт көшенің  биыл  үшеуі асфальтталыпты және де тротуар да салынған. Сондай-ақ халықтың қалауы бойынша көшелері жарықтандырылған және аумақтар көгалдандырылып, ауылдың ажары кірген.  Абай көшесінің ұзындығы - 995 метр. 27 жерге жарық бағанасы орнатылды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2,5 миллион теңге қаржы қаралған.Тұрғындар бұл игі іске әсіресе балалары үшін қуануда.

Себебі жауын-шашынды күндері балалар енді лай-батпақты кештей, таза жолдармен мектепке қатынайтын болады.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің  дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды белгілеген болатын. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, 94-ші қадамда «Ашық үкіметті» жүзеге асыру міндеттері белгіленген. «Ашық үкіметтің» мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394