Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3600 0 пікір 27 Қараша, 2016 сағат 11:42

Ақбұлақ ауылында жол аяқ салынуда

Елбасы Н.Назарбаев "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында "Ашық үкіметті" енгізуді тапсырған болатын. Қазіргі таңда жүзеге асып отырған  "Ашық Үкімет" арқылы қазақстандықтар мемлекеттік органдардың жұмысын бағалап, бағдарламалық құжаттардың орындалуын бақылауға мүмкіндік туды.  "Ашық Үкімет" бірыңғай терезесі ашылды.

Ол арқылы тұрғындар мемлекеттік органдар, бюджеттер, нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпараттарды пайдаланып, кез келген құжат бойынша өз пікірін жеткізе алады. Президенттің осы тапсырмасын алғаш болып жүзеге асырған Оңтүстік Қазақстан облысы "Ашық әкімдік" жобасын іске қосып, жаңа форматта жұмыс істеп жатқаны белгілі. Жоба аясында тұрғындар билік өкілдеріне ашық ойларын жеткізіп, өзекті мәлелелерін жеткізуге мүмкіндік алды.

Мұндай мүмкіндікті Сайрам айданының тұрғындары да пайдаға жаратуға. Осыған дейін  Сайрам ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындары басышларға жолаяқтың ескіргенін оны жаңартуын кездесулер де айтып жүрген еді. "Ашық әкімдік" жобасы іске қосылғаннан кейін тұрғындар басшылардың блогына, әлеуметтік желілерге өз өтініштерін жеткізді.

Келіп түскен өтінішті жедел түрде іске асыруға көшті. Нәтижесінде  «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша елді мекенді көріктендіру мақсатында  Д.Қонаев көшесі бойында орналасқан жол аяқтың (тратуар)  ескіруіне байланысты жаңадан жол аяқ салынуда. Ұзындығы 1570 шаршы метр. 

Қазіргі таңға құрылыс жұмыстарын «Строй компрогрес» ЖШС мекемесі жүргізуде, сондай-ақ, ауыл тұрғындарынан 6 адам жұмысқа тартылған. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385