Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3002 0 пікір 27 Қараша, 2016 сағат 11:39

С.Сапарбаев Ақсукенттің халқымен кездесті

Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев халықтың тыныс-тіршілігімен, елді мекендердегі проблемалармен танысу мақсатында бұған дейін аудандағы округтерді аралап, кездесу жиындарын өткізген болатын. Осы кездесулердің кестесіне сәйкес Самат Айдарханұлы кезекті жиынды аудан орталығы Ақсукентте өткізіп, халық жағдайымен танысып, пікірлесті.

Ол жерде әлеуметтік мәселелер талқылана келе, басты назарға ауылдың санитарлық тазалығы қойылды. Тұрғындар тарапы өздерінің ұсыныстарын білдірсе, аудан әкімі көше комитеттерінің және қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру керектігін мәлімдеді.

Сондай-ақ, алдағы келе жатқан 2017 жылы үлгілі аула, үлгілі көше, үлгілі мекеме деген арнайы конкурс жарияланатынын хабарлады. Ал, ауыл азаматтары атқарылған жұмыстарға алғыстарын айтып, алдағы орындалуға тиісті жұмыстарға қолдау көрсететіндерін жеткізіп, батасын берді.

Жалпы, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-бабын, яғни елге есеп беріп отыратын «Ашық үкімет» құру тапсырмасын жүзеге асыру үшін былтыр қабылданған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» туралы Заңға сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары, барлық деңгейдегі әкімдер, университет ректорлары жылына кем деген бір рет халықтың алдына шығып, өзінің атқарған жұмыстары туралы есеп беріп отыруы тиіс.

Халықтың талап-тілегіне дер кезінде құлақ асып, мәселелерін шешу үшін жергілікті әкімдер қазіргі уақытта кездесулер, қабылдаулар өткізіп, кез-келген ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394