Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 3240 0 пікір 27 Қараша, 2016 сағат 10:41

Асқар Мамин: Құрық портының паром кешені экономиканың экспорттық-транзиттік әлеуетін едәуір нығайтады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, Құрық портындағы паром кешенінің құрылыс барысын тексерді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Нұрлы жол» бағдарламасының жобасын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүзеге асырады.

ҚР бірінші вице-премьеріне Құрық портының алғашқы іске қосу кешені нысандарының қорытындылаушы кезеңі туралы мәлімет берілді.

Ерсай стансасынан бастап Құрық портына дейін ұзындығы 12 шақырымнан астам кірме теміржол учаскесінде рельсшпалдық торлар толық төселді. Жолды қиыршық тастармен балласттау жұмыстары аяқталды. 4,3 млн м3 көлемде жер ойып алынды. Сондай-ақ, 400 мың тонна көлемде бут тасынан батыс қорғау молын салу жұмыстары атқарылды. 525 мың м3 топырақ көлемінде порттың кіреберіс каналы мен акваторияның түбін тереңдету жұмыстары аяқталды.

10 кВт сыртқы электрмен жабдықтау желілері салынды. Көтермелі-өтпелі көпір салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрық портының алғашқы іске қосу кешені нысандары ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

«Құрық портындағы паром кешені Транскаспий халықаралық көлік бағдарының көлік-логистикалық жүйесінің маңызды бөлімі болып табылады. Ол Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға қуатты серпін береді және «Жаңа Жібек жолы» жобасын жүзеге асыруға септігін тигізеді», - деді А. Мамин.

Құрық портындағы паром кешені тәулігіне бес паромға қызмет көрсетеді, осылайша жылына 4 млн тонна көлемде жүктерді өңдеуді қамтамасыз етеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404