Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3050 0 пікір 26 Қараша, 2016 сағат 12:10

ОҚО әкімі Сайрам ауданындағы жеміс бауын тамашалады

Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар шаруашылықтардың жұмысымен танысты, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы Айтеке би ауылындағы «Dala-frut.kz» ЖШС-нің (Green Land) жеміс бауын тамашалады. 100 гектардан астам жерге үш жылдан бері алма және қара өрік жемістерінің көшеттері егілген. Баққа заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған тамшылатып суғару әдісі және шпалерлі жүйе қолданылуда. 

Кәсіпорын бүгінгі таңда 1 га жер телімінде «Заманауи технологиялы сыйымдылығы 10 мың тоннаға дейін көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма» жобасының құрылысын бастады. Оны соғу үшін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының сусидиялау бағыты бойынша қолдау алып отыр. Сондай-ақ, болашақта 7 га жерге қияр мен қызанаққа арналған жылыжай салуды жоспарлап қойған.

Бұл ретте, аймақ басшысы аталған қарқынды баудың жұмыс тәжірибесімен өзге де аудандардың танысуы қажеттігін алға тартып, мұндағы шетелдік көшеттерді ондағы шаруалар да егуі керектігін айтты.

Жұмыс сапары барысында Жансейіт Қансейітұлы жұмыс тәртібіндегі жоспардан тыс Сайрамның Қарабұлақ ауылына қарасты Ұлықбек атындағы №81 мектепте болды. Ондағы жылу жүйесінің қаншалықты деңгейде жұмыс істеп жатқанын бақылаған әкім электр қуатының үздіксіз беріліп жатқанына көзін жеткізді. Ақсукент ауылындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы да облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Шағын және орта бизнесті дамытып, аудандағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту керектігіне тоқталған аймақ басшысы жүйені оңтайландыруды жүктеді. Сондай-ақ, ол орталықта түрлі іс-шаралар өткізуді тапсырды. 

Сапар соңында Ж.Түймебаев Сайрам ауданының активімен кездесіп, аудан басшысы Самат Сапарбаевтың 9 айда атқарған жұмыстарының барысын тыңдады. Сайрамның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айтылған жиында алдағы жылға межеленген жоспар жайы да мәлім етілді. 

Келтірілген мәліметтерді мұқият тыңдаған өңір басшысы бірқатар салалар бойынша аудан басшылығына сын, ескертпелер айтты. Әсіресе, Сайрамның тазалық мәселесіне көңілі толмаған Ж.Қансейітұлы облыс орталығы – Шымкентке жақын орналасқан аудан ретінде Сайрам ауданын қоқыстан тазартуды жүктеді. Сонымен бірге, жер қойнауын пайдаланужұмыстарын ретке келтіруді тапсырды. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша аудан көрсеткіші төменгі деңгейде екенін айтқан әкім әрбір мемлекеттік қызметкер өз міндетіне жауапты болуы керектігін ескертті. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5399