Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 3156 0 пікір 26 Қараша, 2016 сағат 09:27

Б. Сапарбаев: 25 жылда мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының берік негізін қалады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орынбор қаласында өтіп жатқан  «Орынбор – Еуразия жүрегі» атты VI Халықаралық форумға қатысты деп хабарлайды Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шара 24 қараша күні Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Армения,  Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь  т.б елдерінен делегациялар қатысты. Ақтөбе облысы делегациясын өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бастап барды. Облыс делегация құрамында аудан әкімдері, басқарма басшылары мен бизнес ұйымдарының өкілдері бар.

Аймақ басшысы ЕЭО елдерінің экспозияциясы қатысып жатқан халықаралық көрмені аралады. Айта кетейік, жыл сайын көрмеге қатысушылардың, оның ішінде, Ақтөбе бизнес өкілдерінің қатары көбеюде.  Биылғы жылы «АЗПО» ЖШС, «Технодом», «Milky Land», «Актеп»,  ӘКК «Айбек» және де басқа ірі компаниялар өз өнімдерін ұсынуда.

«Еуразиялық кеңістіктегі Орынбор облысының халықаралық ынтымақтастық әлеуеті» пленарлық отырысының салтанатты ашылуында сөз сөйлеген  Орынбор облысының Губернаторы Юрий Берг, дәстүрлі серіктестері Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына шынайы ризашылығын білдірді.

- Біздің аймақтар арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық үшін Бердібек Сапарбаевқа алғыс айтқым келеді,- деді, Юрий Берг.

- Тәуелсіздік жылдары ішінде, қос мемлекеттің басшысы Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің негізін қалады. Ресей, соның ішінде Орынбор облысы біздің ең ірі сауда әріптесіміз болып табылады. 25 жыл ішінде Ақтөбе облысы мен Ресей арасында тауар айналымы 12 есеге ұлғайып, 70 млн АҚШ долларынан 862 млн-ға дейін өсті.  Осы жылдың алғашқы 9 айы ішінде $ 582,2 млн қаражат  өзара сауда өсімінің оң динамикасының дәлелі. Жыл сайын Ресей капиталының қатысуымен кәсіпорындардың саны артып келеді. Осылайша, өңірде жұмыс істейтін шетелдік 1084 компанияның ішінде, 534 Ресей капиталы бар, -  деді Бердібек Сапарбаев.

Екі жақтың шектес өңірлер  арасында тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнаған. Осылайша, «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» АҚ рельс бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтарды «Металлоинвест» АҚ  компаниясынан сатып алады, ал «Казхром» ТҰК АҚ хром рудаларын «Новотроицкий завод хромовых соединений» АҚ жеткізеді. Басқада кәсіпорындар цемент, мұнай және мұнай өнімдерін, қара және түсті металлдар мен азық – түлік өнімдерін жеткізу бойынша жұмыс жасауда.

Ақтөбе және Орынбор облысы арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында барлық жағдайлар жасалуда.

Атап айтқанда, «Батыс Еуропа  - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Ақтөбе облысындағы аумағының 628 шақырымы аяқталды. Осы (2011 жылдан бастап 3,1 млрд 6 т / км өсті)жолда көлік  пен жүк тасымалының  көлемі 2 есеге ұлғайды.

Жолдың құрлысы толық аяқталғаннан кейін Қытайдан тауарларды   Ресейге тасымалдау 40 күннен 10 күнге дейін қысқарады.

Үстіміздегі жылы 135 шақырымға созылған «Ақтөбе –Орск» бағыты бойынша тасжолының қайта жөндеу жұмыстары басталған болатын. Аталған жұмыстар келер жылы аяқталады.

Бердібек Сапарбаев еліміздің орталығы мен батыс бөлігін жалғайтын «Орталық – Батыс»  жол құрлысының және 319 шақырымға созылған «Ақтөбе-Атырау-Астрахань»  жолының қайта жөндеу жұмыстарының жоспарымен бөлісті.

Сонымен қатар, 2016 жылдың соңына дейін «Жайсаң» өткізу пунктін қайта жөндеу жұмыстары аяқталады. Осыған дейін көлік қозғалысы 2 жолақты болатын. Енді 8 жолақты қозғалысқа кеңейтілген «Жайсаң» пунктінен тәулігіне 8000 көлік еркін өте алады.

​Бердібек Сапарбаев облыстың  минералды-шикізат базасының индустриалдық даму мүмкіндіктерін ұсынды. Сондай-ақ одан әрі өңірдің экономика саласындағы инвестицияларды тартуды нығайту, ынтымақтастықты дамыту және аймақта түрлі салаларда ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды қолдауға, соның ішінде МЖӘ және АӨК дамытуға қызушылығын жеткізді.

-  Соңғы 5 жыл ішінде облысқа $12,6 млрд. долл. инвестиция тартылды. Оның 36% ($4,7 млрд. долл.) – шетелдік инвестиция. 5 жылдың қортындысы бойынша Ақтөбе облысы шетелдік инвестиция тарту бойынша II орында. Шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар табысты жұмыс атқаруда. Олардың қатарында CNPC, KNOC, ERG, «Русская медная компания» т.б. Және де  «Ақтөбе» индустриялық аймағы құрылып, инвесторлар үшін барлық жағдайлар жасалды., – деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік, индустриялдық аймақта құны $24 млн.долл асатын 6 инвестициялық жоба атқарылуда. Одан әрі 2 жобаны іске асыру үшін $ 7,5 млн долларға алдын ала келісім-шарт жасалды.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419