Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Мәйекті 2797 0 пікір 25 Қараша, 2016 сағат 12:24

ОҚО: Жеке сот орындаушыларына деген сенім артып келеді

ҚР Президентi Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамында жекеменшiк сот орындаушылар институтын одан әрi дамытуға басымдық берiлген, деп хабарлайды okg.kz. Осы бағытта облыста жүйелi жұмыстар қолға алынып, межеленген мақсаттар орындалып келедi. Бүгiнде өңiрдiң барлық аудан, қалаларында жергiлiктi халыққа 187 жеке сот орындаушысы қызмет көрсетуде. Ұлт жоспары аясында қолға алынған басымдықтар негiзiнде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке сот орындаушыларға бiрқатар атқару құжаттары сенiп тапсырылды.

Олардың қатарына алимент, еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақыны өндiру, адам өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген шығынды өтеу, 1000 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын қаражат көлемiн өндiрiп алу жұмыстары кiредi. Бұдан бөлек, аталған 27-қадамда мемлекеттiк сот орындаушыларының қызметiн кезең-кезеңiмен қысқарту да көзделген. Осыған орай, облыста мемлекеттiк сот орындаушыларын қысқарту басталып кеттi.

Бүгiнде олардың құзырына жатпайтын (алимент, жалақы, зейнетақы өндiру және т.б.) атқарушылық құжаттардың санын азайту қарқын алып отыр. Мәселен, жыл басынан бергi 9 айда мемлекеттiк сот орындаушылардың өндiрiсiне 37,1 млрд. теңге болатын 37485 атқару құжаты келiп түскен. Қазiргi таңда оның 25,1 млрд. теңгенi құрайтын 26273 атқару құжаты аяқталды.

Демек, бұл көрсеткiш өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 59360-қа, яғни, 61 пайызға азайып отыр. Ал, салыстырмалы түрде айтар болсақ, мемлекеттiк сот орындаушыларында алимент өндiру бойынша биыл 15464 атқару құжаты келiп түссе, былтыр оның саны 24262 болған едi. Бұл жергiлiктi тұрғындардың жеке сот орындаушыларына деген сенiмiнiң нығайып жатқандығынкөрсетедi.

Abai.kz

0 пікір