Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2424 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 12:46

Мақтаралдық шаруалар әмбебап

Бір ғана Мақтарал ауданында 200-ден астам ірі шаруа қожалықтары болса, олардың ішінде бір бағытта ғана жұмыс істемей, мақтамен қоса бақша өнімдерін егіп, жеміс-жидектен де мол өнім алып отырған әмбебап шаруалар бар.

Мәселен "Ескендір" өндірістік кооперативінің басшысы Алимханов Ерғали жалпы 322 га егістік жерінің, 60га мақта, 180 тн. 71га жеміс-жидек және жүзім дақылдарынан 1136 тн, 30 га дәндік жүгері дақылынан 144 тн, 55 га күріш дақылынан, 302,5 тн, 26 га жоңышқа дақылынан 312 тн, 80 га бақша дақылдарын егіп, 360тн өнім жинап отыр. Мұның артықшылығы "шаруалардың өнімді жан жақты зерттеп, қайсысы мол өнім берсе соған ойысуына жола ашады" дейді өңірдегі ауылшаруашылық мамандары.

Жалпы әу баста мақтарал ауданы мақта егуге машықты болып, мақтадан мол өнім алып келсе соңғы кездері басқа да түрлі егістік өнімдеріне көңіл бөліп қана қоймай, олардан мол өнім алуға тырысып жатқандары байқалады. Тіпті кейбір ұсақ шаруа қожалықтары бірігіп, жерді біргіп игеруге күш салуда.

Oсы орайда "Интер" АШӨК төрағасы Бердалие Турсынбай Мухтарович 4320 гектар жері бар 418 шаруа қожалықтарды біріктіріп кооператив құрып отырғанын мысалға келтіруге болады. Мақтарал ауданы бойынша жалпы 45 дана ауыл шаруашылығы коперативтері құрылса, оның ішінде 41 данасы жаңадан құрылып, 4 данасы қайта тіркеуден өткізілген. Ай налып келгенде мұның барлығы жерді тиімді игеріп, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталғаны аңғарылады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529