Жеміс-жидек жинауда жетістік мол
Ауылшаруашылығымен айналысатын аудандарымыз жыл өткен сайын егістік жер көлемдерін әртараптандыру мақсатында түрлі дәнді дақылдармен бірге жеміс жидек, бақша өнімдерін өндіруге де көңіл бөліп келеді.
Өз кезегінде жердің игілігін көріп, жер шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының көбеюі қуантып тұр. Жерге егілетін өнімдердің әралуандығы өңір халқын арзан, табиғи өніммен көбірек қамтуға мүмкіндік беріп тұр.
Мәселен Мақтарал ауданында биыл 235,5 га жерге бидай, 3,8 га жерге арпа, 3709,0 га жерге жаңа жоңышқа, 83011,1 га жерге мақта, 5382,5 га жерге түрлі көкөністер, 23114,8 га жерге бақша, 1066,8 га жерге картоп, 10864,8 га жерге дәндік жүгері, 598,7 га жерге күнбағыс, 2182,7 га жерге күріш, 1540,7 га жерге сүрлемдік жүгері, 158,8 га жерге маш, 33,0 га жерге ноқат, 0,9 га жерге қант қызылшасы, 28,6 га жерге жаңа жеміс-жидек, 58,6 га жерге жаңа жүзім екпелері егілген. Көп жылдық екпелердің үлесі 7192,2 га (оның ішінде: ескі жоңышқа 6051,5 га, жеміс-жидек 474,4 га, жүзім екпелері 666,3 га) жерді құрайды. Жеміс жидек дақылдарының белгілі бір үлесі "Arsenal,sad" шаруа қожалығына тиесілі.
Биыл "Arsenal,sad" СТК-нің төрайымы Ақтөреева Қаршыға 304 га жерге түрлі жеміс-жидек дақылдарын егіп, 742,6 тн өнім алды. Осылайша орташа өнімділік 244,3 ц/га құрап, озық шаруалардың қатарына енді. Бұл өңір үшін үлкен жетістік саналып отыр.
Abai.kz