Жексенбі, 24 Қараша 2024
Бәсе... 3853 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 14:30

ПРЕМЬЕР ЖЫЛУ БЕРМЕГЕН ЖЕТІ ӘКІМДІ ЖЕЛКЕЛЕП АЛДЫ

ҚР Премьер-министр  Бақытжан Әбдірұлы Үкімет сағатында жеті өңірдің әкімін «желкелеп» алды.

Қысқа дайындықтың жоқтығы әкімдердің салғырттығынан ба, әлде Үкіметте әлденеше рет айтылған жылу маусымына дайындыққа жауапты мекемелердің бейқамдығынан ба, әйтеуір Үкімет басшысының үні қатқыл шықты.

Расында, Үкіметтің селекторлы отырыстарында Бақытжан Әбдірұлына есеп беріп, «жылыту маусымына сақадай саймыз» деген әкімдердің анттары әдіре қалған-ды. Енді мәне, қараша ортаймай жатып, қақаған қыс келіп, абыр-сабырға түскен әкімдер ақталып бақты. Кейбір өңірлерде қаһарына мінген қыстың аязына шыдамаған жылу құбырлары істен шыққан көрінеді. Сондықтан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарғы мүлде жылу берілмеген.

Бақытжан Сағынтаевқа есеп берген Павлодар, Қарағанды, Қостанай Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының әкімі болған жайды баяндап, жылу беру жұмыстарын дереу қалыпқа келтіретіндіктерін айтқан.

«Құрметті әріптестер, әкім мырзалар, сіздердің айтуларыңызша қыс енді ғана басталды. Басталғанда да оңай болмады. Сондықтан жылу беру маусымын бастан аяқ бақылауда ұстаңыздар. Әрбір үйге жылу берілуі тиіс. Асқар Ұзақбайұлы, осы мәселені сізге міндеттеймін»,-деді Бақытжан Әбдірұлы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566