Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 2326 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 13:24

Сарыағашта аграрлық жердің үлесі арта түсуде

Сарыағаш ауданындағы «Арсен» кооперативі мал шаруашылығын енді өзімізде өндірілетін жеммен толықтай қамтамасыз етеді. Дихандар сырттан әкелінетін мал азығына қарағанда жергілікті жемнің сапасы жоғары дейді. Әрі бағасы да арзан.


«Шыңғыс» ЖШС базасында жемді қайта өңдеуге арналған цех жақын күндері өз жұмысын бастамақ. Цехтың құрылыс жұмыстарына кеткен шығын аз емес — 35 млн теңге. Алайда дихандар қымбат мал азығын өзге аймақтардан сатып алғанша, өзіміз өңдегеніміз тиімді деп отыр.

Нұрболат Талипов, Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары: «Былтыр ауданда мал бордақылайтын 132 кішігірім алаңша ашылған болатын. Енді соларды жеп-шөппен қамтамасыз ету үшін цехты ашып отырмыз. Ауданымыз — аграрлы өлке, бір шетінен адамдарды да жұмыспен қамтып отырмыз. Енді барлық отбасылық шағын фермалар мал азығын осы жерден алатын болады».

Сарыағаш ауданында кеңес өкіметі кезінен бері жемді қайта өңдейтін 17 цех жұмыс жасайды. Алайда ескірген жабдықтар тұрғындарды тек 30-40 пайыз жеммен ғана қамтамасыз етіп келген. Ал жаңа жабдықтармен жабдықталған өндіріс орны енді сағатына 5 тоннаға дейін қайта өңдеп, өзге де қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді.

Жиенбай Шыңғысов, «Шыңғыс» ЖШС төрағасы: «Қазір бізде барлығы дайын. Тек тазалау, майлау сияқты ұсақ-түйек жұмыстар ғана қалды. Шөптерді әкелісімен жұмысты бастаймыз. Сонымен қатар дайын өнімді сақтайтын жер де болады және осы жерде малдарды жемдейтін боламыз.»

Ауыл-өндірістік кооперативі осылайша мал шаруашылығын дамытуға ықпалын тигізіп отыр. Тек Жиенбай Шыңғысовтар шаруашылығының өзінде биыл бір жарым мың бас ірі қара малды бордақылайтын цех ашылмақ.

Мұндай шаруашылыққа жемнің қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Ал әлеуметтік-өндірістік кооперативі жемді қайта өңдейтін тағы бір цехты іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл кооперативтің барлық шығынын жабады дейді шаруа басшылары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578