Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 2236 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 13:23

Бәйдібек ауданында жайылымдық жерлердың аумағы кеңеюде

Бәйдібек ауданының экономикасын дамыту мақсатында 11 инвест жоба іске асырылуда. Аудан әлеуетін арттыру мақсатында қосымша инвестициялар тарту бойынша үш бағытта жұмыс атқарылуда.

Бірінші бағытта жалпы құны 929 млн теңге болатын травертин тастарын өндіретін төрт жоба болса, екіншісі ретінде баламалы электр энергиясын өндіретін тағы да төрт жоба іске аспақ. Ал үшінші бағыттағы жобалар ауыл шаруашылығы саласына арналып отыр. 

"Олар тауарлы сүт фермасы және сүтті қайта өңдеу зауыты мен асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығы және құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары және өңірдегі мал басын көбейтіп, асыл тұқымды мал шаруашылығын өрістету үшін алдымен жайылымдық жер көлемін ұлғайту күн тәртібіндегі мәселе болып тұр".деді аудан басшысы.

Одан бөлек облыс әкімінің индустриялды аймақтар құру туралы тапсырмасына сәйкес Боралдай ауылдық округіндегі Жыланды елдімекенінен 21 га жер белгіленген. Қажетті инфрақұрлым тартуға 326,6 млн теңге қаралып, құрылыс жүруде.

Сондай-ақ, индустриялды аймақты ұлғайту мақсатында қосымша 39 га жер белгіленіп, нәтижесінде 60 га жетіп отыр. Бұл аймаққа жоғарыда аталған травертин тастарын өндіретін төрт зауыт енгізілмек.

Сонымен қатар ауданнан 895 га жер телімі араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығына беріліп, бүгінге дейін мұнда 3,5 млрд теңге шетел инвестициясы тартылды. Онда 120 адам жұмыс атқарса, оның 30 пайызы — аудан тұрғындары.

Алдағы уақытта жобаның екінші кезеңі іске асып, тағы 3,5 млрд теңге шетел инвестициясы тартылмақ. Аудан әкімдігі мен құс өсіру орталығының басшылығы арасында келісім жасалып, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жаңадан ашылатын 400-ге жуық жұмыс орнының 80 пайызына бәйдібектік тұрғындар қамтылатын болады.

Сонымен қатар қосымша кіріс көздерін қалыптастыру үшін құс өсіру орталығын салық төлеуші ретінде аудан есебіне тіркеу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда деп баяндады сала жауаптылары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578