Сенбі, 3 Қазан 2026
Жаңалықтар 3111 0 пікір 21 Қараша, 2016 сағат 13:23

ОТАНДЫҚ ОНЛАЙН УНИВЕРСИТЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

22 қараша, 10:00-де InterContinental қонақүйінде («Абай» мәжіліс залы) Қазақстандағы онлай білім беруді дамыту перспективаларына арналған алқалы жиын өтеді.

Кездесу барысында «Кселл» компаниясы мен «WikiBilim» Қоғамдық қоры алғашқы отандық онлайн университеттің іске қосылғандығын жариялап, ол жайында толығымен айтып береді.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен еліміздің жетекші ЖОО-ның өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары (ҚБТУ, ҚазҰЗТУ, СДУ, Математика және матиматикалық моделдеу институты, А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты және т.б.), «Кселл» АҚ мен «WikiBilim» Қоғамдық қоры өкілдері аталған шараға қатысатындығын растады.

Жиын модераторы: электронды білім беру саласындағы Bilim Media Group ЖШС компаниясының негізін қалаушы, "WikiBilim" ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы.

Шараға қатысатындықтарыңызды хатқа немесе телефонға жауап беру арқылы растауларыңызды өтінеміз: + 7 777 283 07 35 Максим Калач.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 538
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 795