Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3618 0 пікір 21 Қараша, 2016 сағат 11:46

25 жыл - білім саласындағы 25 жетістік

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласына қарасты Хантағы елдімекеніндегі Абай атындағы №5 жалпы орта мектебінде "25 жыл - білім саласындағы 25 жетістік" атты облыстық семинар болып өтті. Оған қала көлеміндегі барлық мектеп мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты мен міндетін кең көлемде түсіндірген мектеп директорының міндетін атқарушы Н.Шаимов оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы әдіс-тәсілдер жөнінде айтып өтті. Білім мен біліктілікті дамыту, ақпарат алмасу, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін және шығармашылығын арттыруға ықпал ету жайын сөз етті.

Сондай-ақ, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім беруге, жаңа талаптарды жүзеге асыруға қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бағыттылған тест тапсырмаларын қолдану, іс-тәжірбиемен алмасу керек екендігін жеткізді.

Ал, қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Т.Асанов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Мектеп директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Нурмухаметова мектеп ұжымы мен оқушылардың жетістіктерін слайд шоу арқылы көрсетіп өтіп, баяндама жасады.

Семинар барысында әр пәннің мұғалімдері өзіндік жасаған жұмыстарын қорғап оқушылармен жұмыс жасады. Педагог-психолог М.Маминова "ҰБТ - ата-ана көзімен" психологиялық тренинг, ал қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Жармұханбетова мен бастауыш сынып мұғалімі Р.Долданова "Креативті ойлау-тығырықтан шығудың бір жолы" тақырыбында келген қонақтармен коучинг сабағын өткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592