Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ел іші... 8136 0 пікір 18 Қараша, 2016 сағат 18:21

М.БОҚАЕВ: МИТИНГ ӨТКІЗУ ИДЕЯСЫ ТАЛҒАТТІКІ БОЛДЫ

Атырауда Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісі бойынша басты сот отырысы жалғасуда. Бүгін №2 қалалық сотта Талғат Аянов пен Макс Боқаевтан жауап алынып, қорғаушылардың бірнеше өтініші қаралды.

Бүгінгі процесте М.Боқаевтан жауап алынды. Сотталушы өз сөзінде Қазақстан Конституциясын ғана басшылыққа алу керек, Конституцияның 32-бабында бейбіт шеруге рұқсат етілген деген пікірін қайталаумен болды. Прокурордың «Конституциядан басқа заңдар сонда заң емес пе?» деген сұрағына Боқаев нақты жауап бере алмады.

«Т.Аянов айтқандай, митинг өткізу идеясы Талғаттікі болды. Дегенмен, митингті өткізу датасын, яғни 24 сәуірді бірге белгіледік. Бізге Исатай-Махамбет алаңында митинг өткізуге рұқсат бермеді. Мен митингке өз наразылығымды білдіру үшін ғана шықтым», - деді М.Боқаев.

Дегенмен прокурор М.Боқаевтың қатысу үшін ғана бармағанын, оның митинг резолюциясының жобасын әзірлегенін айтты. Яғни, айыптаушы тарап Боқаевтың митинг біткеннен кейін халық атынан олармен талқыламай-ақ, резолюция жазғанын жеткізді. Боқаев тіпті бірқатар талап белгіленген резолюцияны Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған болып шықты. Яғни, бұл Боқаевтың митинке қатысып қана қоймай, алдына ала резолюция дайындап, шеруге дайындалғанын дәлелдейді. Сондай-ақ, прокурор Боқаевтың қоғам белсендісі екенін атап, оның қайдан қаржыландырылып отырғанын сұрады. Дегенмен, сотталушы бұл сұраққа нақты жауап беруден бас тартты. Бәлкім, жасыратыны бар болғаны ғой...

Еске сала кетсек, М.Боқаев пен Т.Аяновқа ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айыптар тағылуда. Атап айтсақ, олар: 174 баптың 2 тармағы, яғни, әлеуметтік және ұлттық алауыздық туғызуға бағытталған қасақана іс-әрекеттер жасау, азаматтардың ұлттық намысы мен қадір қасиетіне тіл тигізу; 274 баптың 4 тармағы, яғни, қоғамдық тәртіпті бұзуға қауіп төндіретін көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату; 400 бап, яғни, заңсыз шерулерді ұйымдастыру, өткізу және оған қатысу.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618