Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2291 0 пікір 14 Қыркүйек, 2010 сағат 06:15

Ауыл шаруашылығы министрі американдық инвесторларға Қазақстанда бірлескен кәсіпорын ашуды ұсынды

Астана. 14 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі американдық инвесторларға Қазақстанда ауыл шаруашылық саласында БК құруды ұсынды, деп ведомство баспасөз қызметі сейсенб күні хабарлады.

«Американдықтарға Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өнідіріп, одан ары Кедендік одақ аумағына экспорттау үшін БК құруды ұсынамын», - деді ҚР АШМ басшысы Ақылбек Күрішбаев АҚШ-тағы Солтүстік Дакотадағы жыл сайынғы  ауыл шаруашылығы көрмесінде, деп баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметіндегі деректер бойынша, А. Күрішбаев американдықтарға қазақстандық 10 компанияның тізімін берді. Бұл компанияларда 15 мың гектардан бастап 1,4 млн гектарға дейін жерлері бар және олар американдықтармен «дәнді дақыл өсіруде, ірі қара мал, қой өсіруде, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және оны экспорттауда БК құруға мүдделік танытып отыр».

Қазақстандық делегацияның «Big Iron Farm Show 2010»көрмесіне қатысқандағы мақсаты Солтүстік Дакота штатының іскер топ өкілдерімен байланыс орнату. Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде американдық технологияларды пайдалануға мүдделі, дейді баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде Қазақстан мен Солтүстік Дакота штатының арасындағы байланыс шапшаң дамып келеді. Солтүстік Қазақстанмен ұқсас ауа райы мен климаты бар штат кәсіпкерлеріне жаңа нарықты игерудің мүмкіндіктері зор.

Баспасөз қызметі мал шаруашылығында АҚШ-пен ынтымақтастық бар екенін айтады. Мысалы, биылғы сәуір айында қазақстандық ет брендін әлем нарығына шығару үшін «ҚазАгроның» еншілесі – «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ мен американдық Global Beef асыл тұқымды ангус және герефорд өсіретін ірі қара мал шаруашылығының «KazBeef»ЖШС атты БК құрды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3351
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6223