Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3027 0 пікір 15 Қыркүйек, 2010 сағат 07:45

Тверь қаласында өткен жарыста қазақстандық полицейлер 5 алтын және үш күміс медаль жеңіп алды

Алматы. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстандық полиция мен ресейлік милицияның қатысуымен Тверь қаласында өткен халықаралық жарыста біздің тәртіп сақтаушылар үш күміс және бес алтын награда алды, деп хабарлады спорт журналистерінің одағы (СЖО).

Техникасы үшін арнайы сыйлыққа Асхат Жеңісбеков ие болды.

Мұндай жарыс екі мемлекеттің құқық қорғау құрылымдары арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Жалпы командалық есепте қазақстандықтар басым түсіп, бәсекелестерін 5:3 есебімен жеңіп шықты. Кездесулер сегіз салмақ дәрежесінде өткізілді. Қатысушылардың ең төмен салмағы - 60, ең жоғарғысы - 91 килограмм.

Бокс жекпе-жектерін тамашалаған Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Турысбеков біздің боксшылардың жақсы техникасын атап өтіп, қол жеткізілген нәтижеге қанағаттанушылық сезім білдірді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1314
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2881
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 969
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903