Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3999 0 пікір 7 Наурыз, 2017 сағат 10:22

Түркияда Ресей елшісінің қазасына қатысты бір ресейлік ұсталды

Ресейдің Түркиядағы елшісі болған Андрей Карловтың қазасына байланысты Анкарада ресейлік әйел ұсталды деп хабарлады түрік телеарнасы. Телеарна дерегінше, Екатерина Б. есімді 33 жастағы азамат былтыр қарашадан бастап Мевлют Алтынташпен WhatsApp мессенджері арқылы араласып, Анкарадағы Ресей мәдени орталығына телефон соққан.

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов 19 желтоқсанда Анкарада өнер көрмесіне сөйлеп тұрғанда ол жерге күзетші кейпінде кірген 22 жастағы Мевлют Мерт Алтынташ есімді адам оны ту сыртынан бірнеше рет атып жаралаған. Елші ұзамай жарақатынан көз жұмды. Бұрын полицияда қызмет істеген Алтынташтың өзі полициямен атыста оққа ұшқан.

Түрік полициясы бұған дейін Ресей елшісінің өліміне қатысты төрт адам тұтқындалғанын хабарлаған.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1250
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2774
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 898
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 845