Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4399 0 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 10:56

Қазақстан Сирияға қарсы дауыс беруде қалыс қалды

БҰҰ ҚК-де Сирияға қарсы ықпалшаралар енгізу жөніндегі қарарды Ресей, Қытай және Боливия қолдамады, сондай-ақ Қазақстан, Египет пен Эфиопия дауыс беруден қалыс қалды деп хабарлайды sputniknews..

Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Сирияда химиялық қару қолдануға қатысы бар өкілдерге қарсы ықпалшаралар енгізуді қарастыратын қарар жобасын қабылдауға тосқауыл қойды.

Құжатты кеңестің 9 мүшесі қолдады. Ал Ресей, Қытай және Боливия қарсы шықты. Тағы үш мемлекет – Қазақстан, Египет, Эфиопия қалыс қалды. Біріккен Корольдіктің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Мэтью Райкрофт атап өткендей, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты өкілдері ретінде Ресей мен Қытай және Химиялық қару жөніндегі конвенцияға қатысушылар химиялық қаруды пайдалану және тартуға қарсы шара қолдану үшін жауапкершілікке ие. "

Қарарға тосқауыл қою арқылы олар кеңес пен осы бір қауіпті қаруды пайдаланудың алдын алатын халықаралық ережелердің сенімін кетіреді", — дейді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 240
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 310
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 296
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 216