Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3131 0 пікір 16 Қыркүйек, 2010 сағат 05:09

Орман және табиғат қорғау мекемелерінің техника сатып алу мәселелері бойынша ақпарат

Мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 28 419,4 мың га. немесе республика аумағының
10,4 пайызын құрайды. Орман көмкерген жерлер 122 93, 8 мың га. немесе орман қоры жерлерінің жалпы көлемінің 43,6 пайызын алып жатыр. Республиканың орманды жерлері 4,5 пайызды құрайды.

Облыс әкімдіктерінің қарауында 123 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі бар, олардың жер көлемі 227 41,3 мың га. немесе республика мемлекеттік орман қоры алқабының 80 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауында 25 табиғат қорғау мекемесі бар, олардың жер көлемі 5544, 1 мың га. немесе республика мемлекеттік орман қорының  жер көлемінің 19,5 пайызын құрайды.

Өзге ұйымдар республика мемлекеттік орман қоры алқабының
0,5 пайызын алып жатыр.

Республика орман шаруашылығы жүйесінде 3 қаржыландыру көзі бар (республикалық және жергілікті бюджеттер, орман және табиғат қорғау мекемелерінің арнайы шоттары).

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауындағы өзге ұйымдар республикалық бюджеттен және ақылы қызметтер көрсету мен орман өнімдерін өткізуден алынған өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Облыс әкімдіктерінің орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жергілікті бюджеттен және ақылы қызметтер көрсету мен орман өнімдерін өткізуден алынған өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы орман және табиғат қорғау мекемелері үшін техника мен жабдықтар сатып алуды көрсетілген қаржыландыру көздері бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Солай бола тұрып, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржыландыру жеткіліксіз болып табылады, соның салдарынан орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде материалдық-техникалық базаның жарақтануы өрт сөндіру машиналары бойынша нормативтік мөлшердің 63 % (234 бірлік бар) және тракторлар бойынша 52 % (598 бірлік бар), табиғат қорғау мекемелерінде өрт сөндіру машиналары бойынша 72 % (155 бірлік бар) және тракторлар бойынша 60 % (139 бірлік бар).

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік жіктемесінің 014 «Мемлекеттік органдарды материалдық -техникалық жарақтандыру» бағдарламасы бойынша өздерінің қарауында орман мекемелері бар облыстардың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары үшін материалдық-техникалық жарақтандыру көзделген.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды материалдық-техникалық жарақтандыру 075 «ҚР АШМ мемлекеттік органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру» бағдарламасында қамтылған.

Сонымен бірге орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі «Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қаражатын құру және пайдалану ережесін бекіту туралы» № 1003 қаулысымен бекітілген Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қаражатын құру және пайдалану ережесінің 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес орман өсіру жұмыстары үшін байланыс, көлік құралдарын және жабдықтар, Орман қорғау және орман өсіру мақсатындағы тетіктер мен материалдар, жанар-жағармай материалдарын, арнайы киім, қару және арнаулы қорғану құралдарын сатып ала алады.

Әсел Назаралы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449