Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2747 0 пікір 16 Қыркүйек, 2010 сағат 05:17

Депутат Берік Бекжанов. Қазақстан Республикасында заңмен бекітілген бір-ақ ту бар. Ол – қазақтың көк байрағы

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутаттар  Берік Бекжанов пен Нұрлан Өнербай  бастаған бір топ депутат Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Онда: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз тәуелсіздікті аңсап зарыға жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерінде ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Еліміздің сыналатын бір тұсы осы» -деген еді. Меніңше осы сыналатын тұс келіп жеткен секілді.

Менің бұлай деуіме кейінгі уақытта еліміздің мемлекеттік рәміздеріне қатысты қоғамда орын алып отырған келеңсіз жағдайлар себеп болып отыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 9-бабына сәйкес еліміздің мемлекеттік рәміздері олар Туы, Елтаңбасы және Әнұраны.

Қазақстан Республикасының Азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеру туралы заң талабы.

Алайда, бұл заң талаптары барлық жерде тиісінше сақталып отырған жоқ десем артық айтпаған болар едім.

«Время» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің ағымдағы жылдың 9 қыркүйегіндегі санында «Трусы вне закона?» деген мақала жарық көрді. Онда Павлодар қалалық маслихатының депутаты Арман Алиакпаровтың қалалық дүкендерде еліміздің мемлекеттік туы бейнеленген ішкиімдердің сатылып жатқандығына дабыл қаққан болатын.

Мемлекеттік рәміздер бұл - тәуелсіздік пен егемендіктің белгісі. Сонда елдігіміз бен кеңдігіміздің белгісі -  көк байрағамыздың байлағанның белінде кете беруі тиіспе ?  Жоқ.

Сонымен қатар, қазір еліміздің бір қатар басылымдары «отау ішінен отау тіккен» жалаулар туралы да ашына жазуда.

Үстіміздегі жылдың 7 қыркүйегінде Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газеті «Біз көк тулы елміз бе, әлде көп тулы елміз бе» мақала жариялады. Мақалада  соңғы жылдары, әсіресе, Алматы көшелерінде қазақтың Көк туын емес, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының бейресми рәмізіне айналған, жарты ай мен жұлдыз безендірілген көгілдір туды автокөліктерінің алдыңғы және артқы терезелеріне іліп жүру үрдісі белең алып бара жатқаны туралы дабыл қағып отыр.

Ғаламтордағы ресми мәліметтерге сенсек, аталған ту Қытайда сепаратизмнің нышаны ретінде танылған, сондықтан да оның қолданылуына тыйым салынған.

Егерде әрбір көлікте адам өз ұлтына сәйкес, сырттағы ата-жұртының туын іліп қойса, біздің мемлекеттілігіміз бен ұлттық азаматтығымыз, тәуелсізідігіміз бен егемендігіміз қайда қалғаны ?!

Қазақстан Республикасында заңмен бекітілген бір-ақ ту бар. Ол - қазақтың көк байрағы. Одан басқа ту мойындалмауы керек. Себебі бұл біздің егемендігімізге, тәуелсізідігімізге нұқсан.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимінінің мәтінін орналастыру ережесінде елдің рәміздерін қайда және қайтіп пайдалану керектігі тәтпіштеп жазылған.

Ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 317-бабына сәйкес мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Меніңше, ел байрағын ішкиімге тану бұл ел рәмізін қорлау, ал еліміздің көк байрағын мойындамау елдігімізді, тәуелсіздігімізді, унитарлығымызды  мойындамау деп түсіну керек. Сондықтан, қай жерде және қандай нысанда болсын, Қазақстан рәміздері туралы заңның орындалуын қатаң бақылауға алып, жоғарыда аталған фактілерді заң шеңберінде тексеру қажет деп есептеймін».

Сәуле Досжанова,

т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458