Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3239 0 пікір 21 Ақпан, 2017 сағат 18:07

Қырғыз тарабы мәселені жылы жауып қоюды қалайды

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Президент Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан туралы қияс пікіріне жауап берді.

Екі елдің Президенттері бастаған жұмыстарды әрі қарай конструктивті түрде жүргізу үшін бұл мәселені жылы-жауып қоюды сұрапты.

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Динара Кемелова Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездескен. Ол жерде дәл осы Президент Атамбаев мырзаның «Euronews» арнасына берген сұхбаты сөз болған.

«Алайда, бұдан әрі конструктивті өзара іс-қимыл орнату  үшін бұл мәселені жауып, екі елдің мемлекет басшылары қойған міндеттерді орындауға кірісу керек», – дейді Д.Кемелова. 

Айта кетейік, Қырғыз Республикасының Президенті Алмасбек Атамбаев өткен аптада Еуропа елдерін аралап, «Euronews» арнасына сұхбат берген болатын. Сұхбат барысында қырғыз елінің басышысы Еуразиялық экономикалық одақ туралы айта келіп, «аталған одаққа кірмесек біз қоршауда қалатын түріміз бар», -  деді.

«2010 жылы, - деді Қырғыз Президенті, - Қазақстан бізге 1,5 ай экономикалық блокада қойып еді, арада тіпті адам өлімі болды».

Көрші елдер арасында барыс-келіс, сауда-саттық болып тұруы керек. Осы жайтты аңғартқан Атамбаев ЕАОЭ-ға мүшелікке өтуге аса зәру болып отырғанын білдірді.

Ал, бүгін Қазақстанның Сыртқы істер ведмоствосы Атамбаевтың сөзіне байланысты кейістік танытты.

«Біз Қырғызстан Президентінің сөзіне назар аударып отырмыз және қырғыз тарапынан түсінік берілуін күтеміз», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз мәлімдемесінде.

Абай ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406