Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Білгенге маржан 3984 0 пікір 15 Ақпан, 2017 сағат 13:58

ӘЛЕМДІК СӘН САХЫНАСЫН БАҒЫНДЫРЫП ЖҮРГЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ КІМ?

Бүгінде қазақ қыздары түрлі салада кәсіби маман екенін дәлелдеп жүр. Солардың бірі - Бибі Шәріпова. Ол бүгінгі таңда әлемдің дизайнерлер арасында сұранысқа ие. Ал мамандар болса, оның жоғары деңгейдегі сән әлемін бағындыруға қауқары толығымен жетеді деп болжап отыр.

 

Оның суреттері әлемге әйгілі Vogue, Elle және Harper's Bazaar деп аталатын журналдардың бетіне шығып жүргелі бірнеше жыл болды.Екі жыл бұрын ол жапондық Uniqlo компаниясының өкіліне айналды.Осы күні Нью-Йоркте өтіп жатқан Жоғары деңгейдегі сән апталығына қатысуда.

Бибінің айрықша мүсіні әлемдік маңызы бар дизайнерлердің назарын аударып отырғаны жайдан жай емес. Оның дене бітіміне мамандар нөлінші өлшемдегі мүсін деген баға берген екен. Яғни, бойы 180 см бола тұра, салмағы 54 келіден аспайтын көрінеді.Бұл тұста моделдің өзін тамақтан еш шектемейтінін айта кету керек.Ал сарапшылардың айтуынша, оның танымалдылығы жыл өткен сайын арта түспек. Ол Malaymail Online берген сұхбатында өте жақсы тамақтанатынын да тілге тиек еткен.

 "Кастингке екі-үш күн қалғанда аз тамақ ішуге тырысам, бірақ басқа уақытта дұрыс тамақтанам. Бір күнмен ғана өмір сүремін", - деді ол.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1556
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3357
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6253